Баурсак и Карузо = Бауырсақ пен Карузо — страница 14 из 14

Мейрамханаға үлкен дәліз салынды, айналасына ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Қақпаға «Табақтағы сиқыр» дәмді тамақ мейрамханасы» деген жаңа маңдайша ілінді.

Жаңа рецептілердің арқасында мейрамхана өркендеді. Енді мұнда әлемнің түкпір-түкпіріндегі экзотикалық тағамдар ұсынылатын болды. Дүйсенбіде – Азия, сейсенбіде – Австралия, сәрсенбіде – Африка, бейсенбіде – Оңтүстік және Солтүстік Америка, жұмада – Еуропа, сенбіде – қазақ тағамдарын, ал жексенбі күні қонақ не қаласа, соның дәмін татуға болады. Арман көмекшілер алып, өзі бас аспаз болды. Тайма сиқыр жасап, әлемнің түкпір-түкпірінен азық-түлік алдырады.



Залдың қақ ортасына биік тұғырға қызыл барқыт жастық қойылды. Ол жерде үлпілдек, хош иісті, майдан жылтыраған қабықшасы бар Бауырсақ салтанат құрып отырады. Ол қонақтарға сыпайы қарап, өзіне жақындағандардың барлығымен сөйлеседі. Аспаз бен су перісінің құтқарушысы мейрамхананың бойтұмарына айналды және бұл құрметті орын оған тиесілі еді.

Карузо да аспаз досымен енді ешқашан айырылыспады. Сапардан кейін ол жақсы тамақтанып, бабына келді, опера вокалының сабақтарына жазылды. Мұндай дауысты жерде қалдыру күнә ғой.

Мысықтың да тұғыр жанындағы тақорындықтың үстіне қойылған барқыт жастығы болды. Бірақ ол еркін мысық болып өмір сүрді және үнемі өз істерімен айналысып, қыдырып кететін. Карузо өзінің тақ-орындығына тек жексенбі сайын отбасылық түскі ас кезінде, Сиқыршы ұшып келгенде ғана отырады.