На серебряном подносе стояла тарелка рисового супчика с куриными фрикадельками, блюдце тушёных овощей и кисель из ягод. Еда радовала глаз яркими цветами, а приятный запах услаждал обоняние.
– Ладно, рискну, если тебе жизни не жалко, – проворчал Колдун, взял вилку, потыкал в кабачок, попробовал. Брови изумлённо поднялись – он подцепил кусочек тыквы. Вдумчиво прожевал. Потом отложил вилку, взял ложку и в мгновение ока съел всё, что было на тарелках. Запил киселём и откинулся на спинку стула. По лицу его разлилось неописуемое блаженство:
– Что это было? Впервые за много-много лет у меня ничего не болит.
Повар только пожал плечами, мол, человек сам творец своего счастья. Колдун медленно поднялся, развёл руки в стороны и щёлкнул пальцами. Ничего не произошло: ни грома, ни молнии, ни чёрного дыма. Просто вихрем пронёсся по кухне свежий ветер. Баурсак выглянул из-под полотенца и пискнул:
– Ура!
Все двери и окна в ресторанной кухне распахнулись настежь. Рядом с Колдуном стояла прекрасная девушка в золотом платье. А в окно с громким мявом ворвался Карузо и кинулся в объятия своего друга – повара Армана.
глава 19«Волшебство на тарелке»
Повар Арман и Тайма поженились. Колдун ещё долго гостил в ресторане. Поправил здоровье на диетическом питании. Перестал быть злым, стал добрым и вернулся в свои владения. Но всё равно раз в неделю наведывался к дочери и Арману – полакомиться изысканной едой.
К ресторану пристроили большую веранду, вокруг посадили деревья и цветы. На воротах теперь красовалась новая вывеска: «Ресторан высокой кухни “Волшебство на тарелке”».
Благодаря новым рецептам заведение процветало. Теперь здесь подавали экзотические блюда из самых разных уголков мира. В понедельник можно было отведать азиатскую кухню, во вторник – австралийскую, в среду – африканскую, в четверг – кухню Южной и Северной Америки, в пятницу – европейскую, в субботу – казахскую, а в воскресенье – всё, что только пожелает гость. Арман пригласил помощников, а сам стал шеф-поваром. Тайма колдовала – добывала продукты со всех частей света.
В центре зала на высоком постаменте лежала красная бархатная подушка. На ней восседал пышный, ароматный, покрытый блестящей от масла корочкой Баурсак. Он благосклонно посматривал на гостей и разговаривал с каждым, кто к нему подходил. Спаситель повара и русалки стал талисманом ресторана, и это почётное место принадлежало ему.
Карузо больше никогда не расставался с другом-поваром. После путешествия он отъелся, похорошел и записался на уроки оперного вокала. Грех пропадать такому голосу.
У кота тоже была бархатная подушка на кресле-троне возле постамента. Но он жил вольной кошачьей жизнью и всё время где-то пропадал по личным делам. В кресле Карузо появлялся только по воскресеньям на семейных обедах, когда прилетал Колдун.
Бауырсақ пен Карузо
01-тарауТайма
Жаздың жайма шуақ таңы еді. Аспаз Арман өзінің шағын мейрамханасына кірді. Ақыры балық әкеліпті, оны ол бірнеше күн күткен еді. Бүгін не әзірлейтінін ойлап, ол қорапты ашты.
Өлген балықтар арасында су перісі жатыр. Су перісі ерекше екен, өзі кішкентай, ұзындығы ақсеркедей ғана. Сыртқы пішіні кәдімгі балықтан аумайды: қабыршақтары, жүзбеқанаттары, құйрығы бар. Тек қана басы адамдікіндей.
Арман көзін тарс жұмып алды.
– Ойбай, – деді ол, – жүйкем тозып, есім ауысқаннан сау ма? Күйген майдың түтінін көп жұтып қойғандаймын.
Ол қораптың келесі жағына шығып, ішіне қайта үңілді.
Су перісі әлі сол жерде жатыр. Оның нәзік жүзі, бозғылт мөлдір терісі және ашық күлгін түсті бұйра шашы бар.
– Сусыз өмір сүре алмаймын, өлемін ғой. Оған қоса бұл жер суық, – деді ол, көзін ашпай.
Арман аһ ұрып, тыпыршып кетті.
Балықтарға арналған аквариумға құбыршек салып, жылы суды қосып қойды.
– Қазір, қазір, – деді ол. – Біраз су құйып жіберейін.
Аспаз су перісін абайлап көтеріп алып, аквариумға салды. Су перісі жүзбеқанаттарын қозғалтып, көзін ашты, Арман оның көзінен мұхиттың тұңғиығын көргендей болды.
– Сен кімсің? – деп, таңырқағаннан орнынан тырп ете алмады.
– Мен Таймамын.
Су перісі аквариумды бір айналып, Арманның қасына оралды.
– Бұл жерге қалай тап болдың?
– Есімде қалғаны – үлкен ау, онда балық көп еді. Ауды палубаға тартып, шығарып алып, балықшылар балықтарды жәшіктерге сала бастады… содан кейін ештеңе есімде қалмапты.
– Сізге қалай көмектессем екен?
– Сіз көмектесіп қойдыңыз. Суықтан тоңып өлуден құтқардыңыз, жылыттыңыз.
Кенеттен күн күркіреп, терезе ашылып, асүйге қара бұлт еніп, төбеден қара жаңбыр құйып кетті. Арман шкафтың артындағы үлкен қолшатырын алып, өзін және Тайманы жауыннан қорғамақ болды.
Қара шалшық болып су жиналып қалды, ол қап-қара Сиқыршыға айналды.
– Құтқарушыңды таптың ба? – деп дүрілдеген дауыс естілді.
– Не болып жатыр? – деп сыбырлады аспаз.
– Зұлым Сиқыршы, яғни менің әкем келіп қалыпты ғой, – деп, су перісі аквариумның бұрышына тығылды.
– Балық мейрамханасы, яғни қолшатырдың астындағы аспаз, – деп, Сиқыршы қолын көтеріп, жұдырығымен сес көрсетті, – тыңда, Балық Қолшатыры. Мен бұл жерді сиқырлап тастаймын! Бұл жерде елсіз аралдағы Робинзон Крузо сияқты отырасың. Жан баласынан көмек күтпе, өйткені менің рұқсатымсыз қызымды құтқаруға ешкімнің де батылы бармайды!
– Әкетай, мұныңыз қалай?! Мен тек бәрі жақсы болса деп едім. Сізді емдегім келген, – деп сыбырлады Тайма, бірақ Зұлым Сиқыршы оны естімеді.
– Мына қолшатырдың астына тығыла бергенің не? – Ол қолшатырды бір соғып өтіп, былай деді:
– Саған арналған қарғысым да дайын: Балық Қолшатыры, енді сенің есімің – осы, ал шын есіміңді ұмыт. Сондай батыл болсаң, Таймамен бірге осы мейрамханада мәңгілікке қал. Тамақсыз, байланыссыз, интернетсіз. Сендер туралы ешкім білмейді, ешкім де есіне алмайды. Бірде-бір адам сендерге көмектесе алмайды.
02-тарауЗұлым Сиқыршы
Зұлым Сиқыршы қарқылдап күліп, жерді бір теуіп, асүйден түнерген қара бұлт болып ұшып кетті. Терезенің жақтауы желдің екпінімен сарт еткенімен, толық жабылмады, терезенің алдында ұмыт қалған тұз салғыш кедергі болды. Балық Қолшатыры көзін уқалап ашқанда, Тайма басын судан шығарып алғанын көрді. Оның беті судан және көз жасынан суланып тұр еді.
– Сізді де дуалап тастады. Енді не істейміз, қалай әрекет етеміз?
Аспаз ауыр күрсінді.
– Білмеймін… Ойлануым керек. Мені саған көмектескенім үшін дуалады, ал сені не үшін дуалады? Сен не істедің?
Тайма көз жасына ерік беріп, жүзбеқанаттарымен суды шолп еткізіп, мына оқиғаны баяндады.
Жер бетінде, алыстағы таңғажайып патшалықта бір Сиқыршы әмірін жүргізіп өмір сүріп жатты. Бір кездері ол зұлым емес, мейірімді болатын. Бірақ бір күні оның іші ауыра бастайды, іші қатты ауырған сайын Сиқыршының ашу-ызасы да күшейе түседі. Сиқыршыға патшалықтың түкпір-түкпірінен емшілер шақыртады, бірақ ешкім ештеңе істей алмайды. Содан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен шипагерлерді шақыра бастайды, ол да бекер болады, Зұлым Сиқыршының денсаулығы жақсара қоймайды. Дәрі-дәрмек те, булау да, дәрілі дымқыл дәке де, екпе де көмектеспейді. Тіпті ағзасын тазартса да, әсер етпейді.
Зұлым Сиқыршы тамақты дәмділеп және көп жегенді жақсы көретін. Егер тауық еті болса, онда сирағын немесе қанатын ғана емес, тұтас бір тауықты, майға қуырылған және ащы тұздық қосылған күркетауықты да бір-ақ жейтін. Аспаз тамаққа ащы дәмдеуіштерді көп себетіні сонша, қызметші тағамды дастарқанға апарарда бетперде киіп жүретін. Шайға арналған тәттіге – кілегей мен шоколад молынан құйылған тәтті нандар мен тау болып үйілген тоқаштар берілетін. Сонда әміршінің қызы, ақылына көркі сай Тайма дұрыс тамақтанбаса, ешбір дәрі көмектеспейтінін түсінеді. Денің сау болу үшін дұрыс тамақтанып, диета ұстау керек.
Тайма әкесін қатты жақсы көргендіктен, ол үшін алаңдайтын. Ол аспаздардың бәрін қуып жіберіп, әкесіне өзі тамақ әзірлей бастайды. Аспаздық өнерді оқымаса да, ол балық пен көкөністерді пісіруді білетін. Тез дайындалады және денсаулыққа пайдалы. Түскі асқа әміршіге буға піскен шалқан, бұқтырылған минтай балығын және сусын әкеліп береді. Сиқыршы таңғалады, бірақ қарны аш болғандықтан, бәрін жеп қояды. Тамақ дәмсіз болған соң, ол кейістік танытып, бос табақты итере салады. Ал ашуланған кезде ол дұрыс сиқырлай алмай қалатын. Бұл оны одан сайын ызаландыра түсті. Әмірші аспаздарды қайтаруды талап етеді. Қызы оның айтқанына мойынсынбай, екінші күні оған асжапырақ қосылған скумбрия балығын дайындап береді. Зұлым Сиқыршы жұдырығымен үстелді бір ұрып:
– Маған суға қайнатылған майлық емес, кәдімгі тамақ әкел! Мен сиқырлай алмай қалдым! – дейді.
– Әкешім, сиқыр мен дуадан гөрі өмірің қымбат. Мен денің сау болғанын қалаймын.
Үшінші күні Зұлым Сиқыршы балконда теңізге сағынышпен қарап отырған еді. Тайма табаққа салынған сәбіз бен нәлім балығын әкелді.
Сиқыршыны ашу кернейді. Орнынан атып тұрып, қолын көкке көтереді. Күн күркіреп, найзағай жарқ етеді:
– Мына балығыңмен қоса сені мәңгілікке қарғыс атсын! Өзің де балыққа айналып, өмір бойы теңіз-мұхиттарды шарлап жүзіп жүресің!
Ауыр күрсінген Тайма балыққа айналып, балконнан тұңғиық көк теңізге шолп етеді. Оның артынан айғайлаған Сиқыршының дауысы ғана естіледі:
– Бұл дуаның сиқыры сен маған әлемнің түкпір-түкпірінен ең сирек, ең дәмді бес тағамды әзірлегенде ғана кетеді.
03-тарауБауырсақ
– Иә-ә-ә, – деп Балық Қолшатыры сөзін соза түсті. – Ащы тамақ әкеңнің мінез-құлқын әбден бұзып жіберіпті. Туған қызын балыққа айналдыру деген не сұмдық!
– Жоқ, ол – жалпы жақсы адам, – деп, Тайма әкесін жақтады. – Оны тек емдеп алуымыз керек. Бірақ мұны мен сиқырдан құтылғанда ғана жасай аламын. Ал ол үшін әлемнің дәмді және ерекше тағамдарын әзірлеуім керек. Бірақ мен мұны қалай істеймін, тіпті қолым да жоқ қой?